Tamsanam

Әлем қаншама кең, уақыт өтпелі
Қанша жыл өтседе маған жүрегім өкпелі
Аспанда қара түнек тұрса да, жауын төкпеді
Қанша тырыссам да жауабын білмедім
Неліктен жүрегім дүрсілдеп соғады десем
Мәңгі ұйықтасам да мен осыған сенбес ем
Тағдыр берген адамды жүрегің бірден сезеді
Жанымнан өткен сайын түсінем, ол - сен.

Қаншама тамсанамын сенің көркіңмен
Ғалам мен шексіздікті көремін мөлдір көзіңнен
Маған мәңгілік өмір бұйырса да
Тамсанып үлгермеспін ешқашан күлкіңмен

Білесің аруым сен біздің елдің аңызын
Қос ғашықтар қосылмайды сүйсе де жалғызын
Бір жайт бар сөзбен ешкімге жеткізе алмаймын
Ол әрине сенің бір мен үшін маңызын
Ашылды менің сонша тұйықталған махаббатым
Байқамастан түстім күйге қуанып шаттанатын
Әрбір адамның бұл өмірде бар серігі

Жанымда бол тек ғана, болшы менің аманатым



Қаншама тамсанамын сенің көркіңмен
Ғалам мен шексіздікті көремін мөлдір көзіңнен
Маған мәңгілік өмір бұйырса да
Тамсанып үлгермеспін ешқашан күлкіңмен

Most popular songs of Aki

Other artists of Pop rock