Kimge
Азамат Битембаев
Жүрегімді алдай көрмеші сен
Махаббаттың мәңгі тұңғиығына
батайық бірге
Барайық бірге
Сәттеріңде әрбір күрсінген
Қасыма келші жұбатайын мұңыңды
Еш сырыңды жасырмай
Мың сұрақтың барма жауабы өзіңде
Табайықшы бірге
Айтшы жаным неден қорықтың
Сүюден бе
Қасыңда боламын мәңгі
Саған уәдем бұл менің
Кімге?
Айтайын сырымды кімге?
Болмасаң жанымда күнде
Жаным бірге , жаным күнде
Көңіліңе қаяу түсірмей
Қиын күндерде күрсінбей
Жүрсең мен мұңға батпаймын
Байланып тағдыр өзіңмен
Сезімді енді жаным сендегі
Жүрегіме мен сақтаймын