Қайтесің мұңайып?

Рамазан Орынбасарұлы, Шадияр Есенәлі, AGUGAI

Өртендің жүрек оттарға.
Қуантар сені бақ бар ма?
Сырыңды ешкім ұққан жоқ
Қараңғы қиын шақтарда.
Жанашыр болар жан-ана
Баласын тастап жатқанда
Адамдыққа қалайша сен сенесің?

Алдайды жылы сөздер де,
Өтірік күлген көздер де.
Өмірдің өзі жалған деп,
Жүрегім сен де өзгерме

Қайтесің мұңайып
Әлсіз адам жылайды
Тек мықтылар шыдайды
Бұл өмір
Сонысымен ұнайды

Жабығып мұңға батқанда,
Махаббат енді тапқанда
Жақын деп жүрген екі адам
Оянса бірге ақ таңда
Солайша достық махаббат
Екеуі бірдей сатқанда
Адалдыққа қалайша сен сенесің?

Trivia about the song Қайтесің мұңайып? by Jasmin

Who composed the song “Қайтесің мұңайып?” by Jasmin?
The song “Қайтесің мұңайып?” by Jasmin was composed by Рамазан Орынбасарұлы, Шадияр Есенәлі, AGUGAI.

Most popular songs of Jasmin

Other artists of Electro pop