Synaq

Бакытжан Быхин, Рамис Кулахметов

Өмір деген бір орында тұрмайды
Сан алуан сұрақ туындайды
Оңай болмайды

Өмір деген қинайд(ы)
Бетіңді тырнайд(ы)
Барыңды алып ап,
Кімсің деп сұрайд?!
Сен де тұрма,
Жыбырла
Тірлік ет,
Қимылда

Өмір деген сынақ мың сұрақ
Сол сұраққа тапсаң жауап сауап!
өзіңнен сұра
Жолға түс тура
Сонда жетесің мақсатыңа

Өмір деген бір орында тұрмайды
Сан алуан сұрақ туындайды
Оңай болмайды

Қиналасың шындық ащы
Жылтырлаққа алданасың
Санасып біреумен сын аласың!
Шыдамдылық таңытсаңшы!

Бір береді, бір алады
Берген кезде кеш болмасын
Ақыл кірмей мына басың
Керегеге мың ұрасың!

Өмір деген бір орында тұрмайды
Сан алуан сұрақ туындайды
Оңай болмайды

Trivia about the song Synaq by RAMI

Who composed the song “Synaq” by RAMI?
The song “Synaq” by RAMI was composed by Бакытжан Быхин, Рамис Кулахметов.

Most popular songs of RAMI

Other artists of Old school hip hop